Мәжіліс цифрлық технологиялар туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс цифрлық технологиялар туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Роботтың қожайынына "қамқорлығындағы"техника үшін жауапкершіліктің жүктелуі, "цифрлық" құжаттардың заңды күшінің болуы маңызды, ал квазимемкомпанияларға жеке нарық жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлік қызметпен айналысуға заңды түрде тыйым салынуы керек (Yellow Pages Rules).

Осы және басқа да бірқатар нормалар бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары екінші оқылымда мақұлдаған цифрлық технологиялар туралы заң жобасында жазылған.

Құжат негізгі 6 бағыт: цифрлық технологиялар, деректерді талдау, халыққа қызмет көрсету, инвестициялық тартымдылықты арттыру, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудіқамтиды.

Атап айтқанда, "блокчейн", "зияткерлік робот" және т.б. ұғымдарды заңнамалық тұрғыда бекіту ұсынылады. Бұл нормаларды қабылдау саланы одан әрі дамыту үшін қажет. Өндірістер мен процестерді автоматтандыруды және роботтауды ескере отырып, мысалы робот иесінің өзінің "қамқорлығындағы" техникаға  жауапкершілігін бекітудің де маңызды екенін айтып өткен жөн.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұсынған нормалар заңнамалық тұрғыда бекітілгеннен кейін, азамат өз смартфонындағы цифрлық құжаттарды түпнұсқасының орнына толыққанды пайдалана алады. Мысалы, азаматтың өзімен бірге қағаз құжаттары болмаған жағдай да, ол мобильді үкімет базасындағы сервис арқылы қызметтерді ала алады.

Сондай-ақ,  квазимемсекторға жеке фирмалар жұмыс істеп тұрған нарықта кәсіпкерлікпен айналысуды заңды түрде шектейтін нормалар ІТ-компаниялардың дамуына серпін беруі тиіс. Осылайша, IT-салада Yellow Pages Rules қағидаттарын неғұрлым толық сақтау қамтамасыз етіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісінде осы заң жобасы бойынша жұмыс тобының 14 отырысы өткізіліп, 375 түзету талқыланды. Бұдан әрі құжат ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының қарауына жіберіледі.