Қазақстанда 3985 мерзімді баспа басылымы тіркелген

Қазақстанда 3985 мерзімді баспа басылымы тіркелген

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді.

1991 жылмен салыстырғанда БАҚ саны 350 есеге өсті. Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал шығарылса, қазір олардың саны 3985-ке жетті. Басылымдардың әрқайсысының қағаз ғана емес сандық нұсқасы да бар.

Министрлік баспа журналистикасын қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдауда. Мәселен, «Қазпошта» АҚ-мен баспа басылымдары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында газеттерді қолдау бойынша бірлескен бірнеше шаралар бар.

2023 жылдың мамыр айынан бастап   Post.kz мобильді қосымшасы іске қосылды, онда қазақстандықтар отандық және шетелдік басылымдарға жазылуды рәсімдей алады.

Сонымен қатар министрлік Kaspi Bank-пен бірлесіп қосымша арқылы газеттер мен журналдарға онлайн жазылу kaspi.kz бойынша жұмыс ұйымдастырды.

2024 жылы газетке 360 612 жеке тұлға және 7 687 заңды тұлға жазылған.

Республиканың өңірлері мен ірі қалаларында баспа БАҚ тарату  бойынша 400 газет дүңгіршегі, супермаркеттер және ірі дүкендердегі жеке сауда нүктелері, «Қазпошта» АҚ-ның 2645 қалалық және аудандық пошта байланысы бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

Журналистердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Осыған байланысты өткен жылы өңірлік газеттер мен журналдардың қызметкерлері үшін баспа БАҚ форумы өткізілсе, 2024 жылдың наурыз айына кезекті өңірлік баспа БАҚ форумын өткізу жоспарланған. Форум аясында түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. «Қазконтент» АҚ базасында басылымдардың сайттарын жүргізу мен қолдауға және оларды әлеуметтік желілерде дамытуға қатысты кеңестер жүргізіледі.

Қазақстандағы қоғамдық даму институтының базасында салалық журналистика және жалпы журналистердің біліктілігін арттыру бойынша оқыту шеберлік сабақтары өткізіледі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі