Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ЮНЕСКО «Интернеттен денсаулық туралы ақпаратты қалай іздеуге болады?» тақырыбындағы онлайн-сессияға шақырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ЮНЕСКО «Интернеттен денсаулық туралы ақпаратты қалай іздеуге болады?» тақырыбындағы онлайн-сессияға шақырады

2023 жылғы 2 қарашада сағат 17:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО ұйымдастырған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді.

         «Интернеттен денсаулық туралы ақпаратты қалай іздеуге болады?» сессиясында қатысушылар денсаулық сақтау туралы ақпарат көздерін қалай тексеруге және бағалауға, жасанды интеллект пен дауыстық көмекшілерді қалай пайдалануға болатынын білетін болады.

Спикерлер ретінде Ольга Охотникова, Білім берудегі ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО институтының білім және денсаулық жобаларының үйлестірушісі, Альфия Максутова, ғылыми журналист, «Двор» ағарту ресурсының үйлестірушісі, Марина Калашникова, ғылыми журналист, «Двор» ағарту ресурсының редакторы сөз сөйлейді.

Курс Дүниежүзілік медиа және ақпараттық сауаттылық апталығының іс-шаралары шеңберінде өткізіледі.

         Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін; ақпаратпен, медиамен және түрлі медиа-технологиялармен дұрыс жұмыс жасаудың жолдарын меңгеруге қызығатындардың барлығын осы іс-шараға шақырамыз.

Сессиялар онлайн-форматта ZOOM платформасында өтеді. https://us06web.zoom.us/j/82357295778?pwd=HbaumQFJKWRnhDIHYbKJbaWytg74WN.1 (Конференция идентификаторы: 823 5729 5778, кіру коды: 521214).

         Курстардан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA.

         Қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс номері арқылы хабарласуға болады +7 7172 740186.