Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, 7-9 маусымда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы) экология саласында маманданған журналистерге арнайы оқыту курсын өткізеді.

* бағдарлама (жүктеу) 

Курс офлайн форматта мына мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, № 409 залы.

Қатысушыларға «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы экологиялық журналистика» («Экологическая журналистика в рамках Целей Устойчивого Развития») курсын тәмамдағаны туралы арнайы сертификаттар табысталады.

Аталған курсты оқуға қызығушылықтарыңыз болса, мына сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/5fZgjNhQki7YieoK6 

Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс телефонына хабарласуға болады: +7(7172)740186.