Телерадио хабарларын тарату желілеріндегі жоспарлы-профилактикалық жұмыстар

Телерадио хабарларын тарату желілеріндегі жоспарлы-профилактикалық жұмыстар

2021 жылдың 11 қараша айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.


«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
call-center: 193, +7(727) 2 581 500,
e-mail: abonent@otautv.kz