Отандық телеарналар бойынша телеөлшеулер онлайн-сервисін қосу туралы

Отандық телеарналар бойынша телеөлшеулер онлайн-сервисін қосу туралы

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылдан бері Қазақстанда медиа өлшеулер жүйесін дамыту бойынша жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда телеөлшеулер процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы онлайн-сервисті іске қосты. 

Сервис барлық қызығушылық танытқан тұлғаларға негізгі қазақстандық телеарналарын аудиториялық көрсеткіштерімен тікелей режимде танысуға мүмкіндік береді.

Онлайн-сервис интернет желісінің барлық пайдаланушыларына Министрліктің ресми сайтындағы мына мекен-жайы бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/inf/page/top10frame?lang=kk

Көрсеткіштерді «MediaHills» компаниясы «TNS Central Asia» («Kantar») компаниясының телеөлшеу панелінде «ID TV-ден» бөлек басқа да ТВ-операторлардың желісінде телеарналардың аудиториясын анықтаудың динамикалық жүйесін пайдалана отырып өңдеді.

Аталған онлайн-сервис «TNS Central Asia» («Kantar») және  «MediaHills» зерттеу компанияларының стратегиялық серіктестігінің, сондай-ақ Министрліктің медиа өлшеулер жүйесін дамыту жөніндегі Жұмыс тобының сараптық жұмысының нәтижесінде іске қосылды.

Министрліктің сайтында ұсынылған аудиторлық көрсеткіштер Қазақстанның 21 қаласындағы (Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Рудный, Семей, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Екібастұз) 400 мыңнан астам үй шаруашылығы бойынша қалыптасады.

Қазіргі уақытта сервисте телеарналар үлесі жөнінде (талданып жатқан уақыт аралығында кез келген талданып жатқан республикалық телеарнаны қараған барлық телекөрермендерден пайыздық тұлғалаудағы телеарна көрермендерінің саны), әр минут сайын қамту (минутына бір рет болсын телеарнаны қараған телекөрермендер саны) және телебағдарламаларды қамту (нақты бір телебағдарламаны қараған бірегей телекөрермендер саны) көрсеткіштері қолжетімді.

Сервисті іске қосу телекөрерменнің талабына жедел түрде жауап беруге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық теледидар контентінің бәсекелестігін одан әрі арттыруға жол ашады деп күтілуде.