«Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» акционерлік қоғамдары бірікті

«Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» акционерлік қоғамдары бірікті

Бүгін, 2021 жылғы 4 мамырда «Egemen Qazaqstan» және «Казахстанская правда» екі ірі республикалық басылымды біріктірудің нәтижесінде «Egemen Qazaqstan» АҚ болып қайта құрылды.

Қайта құру «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы № 743 қаулысына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайта құрылған «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма басшысы болып Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы тағайындалды.

Екі көне және ірі акционерлік қоғамдардың бірігуі шаруашылық, әкімшілік қызмет саласын жетілдіруді ғана көздейді және газет жұмысының шығармашылық бөлігіне қатысты болмайтындығын атап өту қажет.

Бүгінгі таңда, «Egemen Qazaqstan» газетінің таралымы 150 мың дана, «Казахстанская правда» газетінің таралымы 80 мың дана. Басылымдар облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында аптасына 5 рет басылып шығады.

Сонымен қатар, екі газетте де egemen.kz және kazpravda.kz сайттарына бөлек контент жасайтын интернет-редакциялары жұмыс істейді.