ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

Еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Ораза айының кіруімен шын жүректен құттықтаймын.
Рамазан – ізгілік пен парасатқа, рухани жаңару мен тазаруға үндейтін, өткеннен қалған өкпе-реніштерден арылып, қайырымды істер жасайтын мезгіл.
Өкінішке орай, биылғы Рамазан айында да пандемия жағдайы сақталып тұр. Осы орайда, азаматтарымызды санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын сақтауға және Мүфтияттың ұсынымдарын орындауға шақырамын. Қауіпті індетті жеңіп шығу үшін ауызбірлік пен сабыр, тәртіп пен төзім қажет.
Қасиетті айда тұтқан оразаларыңыз, жасаған ізгі амалдарыңыз, тілеген дұға-ниеттеріңіз қабыл болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.