Шығыс Қазақстан облысында АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Шығыс Қазақстан облысында АҚДМ стратегиялық сессиясы өтті

Бүгін онлайн-форматта Шығыс Қазақстан облысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің күні өтті.

Министрлік мемлекеттік органдар мен өңірдің жұртшылық өкілдерінен 400-ден астам адамның қатысуымен 11 іс-шара өткізді.
Іс-шаралар кезінде (семинарлар, панельдік сессиялар) Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша жемісті және сындарлы пікір алмасу болды. Ведомство қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының жұртшылығын толғандыратын бірқатар өзекті сұрақтарға жауап берді.
Өткен іс-шаралар кезінде айтылған барлық ұсыныстар орталық, сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейлерде жұмысты одан әрі жетілдіруде ескерілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, министрліктің бастамасымен Барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларда стратегиялық сессиялар өтуде. Іс-шаралардың негізгі міндеті – Министрлік жетекшілік ететін бағыттар бойынша өзекті мәселелер мен міндеттерді талқылау және түсіндіру.
Айта кетейік, ел өңірлеріндегі "Министрлік күндері" Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.