13 қарашада Нұр-Сұлтанда баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты жиында 11 номинация бойынша мәртебелі журналистика сыйлығының жеңімпаздары анықталды:
Сәкен Ділдахмет, Тәуелсіз экологиялық шолушы
Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы
Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы
Михаил Козачков, «Время» газеті
Гульбаршын Сабаева, «Egemen Qazaqstan» газеті
Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан ақпараттық агенттігі
«Atyray» радиостанциясындағы «Эфирде 102 FM» бағдарламасы
TengriNews порталы
«AQ JOL» газеті
«Жұлдыз» журналы
Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, публицист
Барлық финалистерге Жеңімпаз сертификаты, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сый табысталды.
Көрермендер марапаттау рәсімін тікелей эфирде urker-awards.kz ресми сайтынан көруге мүмкіндік алды.
«Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бастап, биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазанынан 5 қарашасына дейін қабылданды. Жалпы, қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстар әділқазылар мүшелерімен таңдалды, олардың құрамына беделді қайраткерлер, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және танымал қазақстандық журналистер кірді.
Ұлттық сыйлықты ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. Іс-шараға «Қазақстан» РТРК мен «Хабар» Агенттігі» АҚ демеушілік жасады.