«ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

«ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау жалғасуда

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР – 2025» ұлттық сыйлығына өтінімдерді қабылдау жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылғы 20 қазанына дейін қабылданады.

Конкурстық жұмыстар 2024 жылғы 12 тамыз бен 2025 жылғы 30 қыркүйек аралығында республикалық немесе өңірлік баспа және интернет-басылымдарда жариялануы, не радио эфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына ғана қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады:

Жылдың үздік сұхбаты
Жылдың үздік репортажы
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
Жылдың үздік журналистік зерттеуі
Жылдың үздік аналитикалық материалы
Радиостанциядағы үздік жоба
Жылдың үздік фотосуреті
Жылдың үздік жаңалықтар порталы
Жылдың үздік өңірлік БАҚ
Жылдың үздік подкасты
Жылдың үздік YouTube-арнасы

Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинация жеңімпазына «ҮРКЕР – 2025» естелік мүсіншесі және 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«ҮРКЕР» ұлттық сыйлығыбаспа, радио және интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі