Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Министрлік туралы
Құжаттар
Комитеттер
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Все материалы
26 октября 2023
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады

Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.

Президентке министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берілді.

Аида Балаева креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

https://www.akorda.kz/kz/prezident-madeniet-zhane-akparat-ministri-aida-balaevany-kabyldady-2694144 

Ақпаратқа қол жеткізу
26 октября 2023
«Кибербуллингті қалай болдырмауға және одан қалай қорғануға болады» тақырыбында онлайн-сессия

2023 жылғы 26 қазанда сағат 17:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО ұйымдастырған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді.

«Кибербуллингті қалай болдырмауға және одан қалай қорғануға болады» онлайн-сессиясысында қатысушылар кибербуллинг пен троллингті қалай ажыратуға болатындығын біледі. Спикерлер ретінде Алмагүл Мұхамедханова, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Үздіксіз білім беру институтының бас ғылыми қызметкері, Айгүл Ракижанова, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы, Талгат Игликов, Financial School директоры сөз сөйлейді.

Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін, ақпаратпен, медиамен және технологиялармен саналы және мағыналы өзара әрекеттесу жолдарын меңгеруге қызығушылық білдірушілерді шақырамыз.

Сессиялар ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/81003962348?pwd=bov3e6xsY0Z7jGq6Xzz0E3kwgPNDtf.1 (Конференция идентификаторы: 810 0396 2348, кіру коды: 818121).

Курстардан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 740186 байланыс номері арқылы хабарласуға болады.

24 октября 2023
Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар жоғары марапаттарға ие болды

Республика күні қарсаңында ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ азамат мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндірістік саланың, бизнестің, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты жиынға қатысушыларды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

«1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл біздің Тәуелсіздігімізге деген алғашқы маңызды қадам болды. Өткен жылы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен Республика күніне Ұлттық мәртебе қайтарылды. Бұл күн бүкіл еліміздің рухын көтеретін және оның болашағын нығайтатын жалпыхалықтық бірліктің символына айналды. Игі дәстүр бойынша Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар жоғары наградаларға ие болды. Өз еңбектеріңізбен сіздер ұлттың, мәдениеттің, әдебиеттің, өнердің рухани байлығын дамытуға ықпал етіп келесіздер. Президенттің тапсырмасы бойынша Сіздерге лайықты марапаттарды тапсыруға рұқсат етіңіздер», - деп атап өтті ол.

Осы орайда, «Парасат» орденімен «Еуразиялық медициналық қауымдастық» ЗТБ Басқарма төрағасы Надежда Петухова, «Құрмет» орденімен «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ профессоры Роза Мұқанова және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Лаззат Рамазанова марапатталды.

Сондай-ақ, елуден астам адам «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетеміз және Отан игілігі үшін жұмыс істеуді жалғастыруларыңыз үшін жағдай жасаймыз. Сіздердің жас ұрпақты тәрбиелеуге қосып жүрген өлшеусіз үлесіңіз бен жарқын болашаққа деген ұмтылысыңызға баға жетпейді. Бұл біздің елімізді өркендететін негізгі факторлар», - деп қорытындылады мәдениет және ақпарат министрі.

* марапатталғандардың тізімі (жүктеу/скачать)

БАҚ
Ақпаратқа қол жеткізу
18 октября 2023
Түркі елдерінің өкілдері ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

Бішкекте Түркі мемлекеттері Ұйымының медиа және ақпарат мәселелері бойынша министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларының 5-ші кеңесі өтті. Оған ТМҰ Бас хатшысы Қуанышбек Өміралиев, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия Республикасы, Түрікменстан және Венгрия делегациялары қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына «Қазақстан РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігінің өкілдері де кірді.

Кеңес аясында тараптар ТМҰ-ға қатысушы елдердің ақпараттық өзара іс-қимылының, ынтымақтастықты дамытудың, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының өзекті тақырыптарын талқылады.

Отырыс барысында Қанат Ысқақов бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылықты сақтаудағы және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтіп, түркі елдері арасындағы ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл ТМҰ елдерінің мәдениеті мен тарихи өзара байланысын нығайтуға серпін беретінін айтты.

Сондай-ақ, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылға, бірлескен медиа жобаларды іске асыруға және ақпараттық салада тәжірибе алмасуға бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оның ішінде Қазақстанда қабылданған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Тараптар ақпарат және БАҚ саласындағы өзара ынтымақтастық, контент алмасу, жалған ақпаратқа қарсы күрес бойынша бірыңғай платформа құру, сондай-ақ қоғамдық дипломатия саласындағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Екі күндік кеңестің қорытындысы бойынша ТМҰ-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы шешім қабылданды,- бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мен көтермелеу, сондай-ақ кең ауқымда өзара ақпарат алмасу және дамудың т.б. басым бағыттары айқындалды.

БАҚ
Ақпаратқа қол жеткізу
12 октября 2023
Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі  «Тұтынушылардың бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде ақпараттық өнімдерге сұраныс деңгейі» тақырыбында сауалнама өтіп жатқаны туралы хабарлайды. 

Аталған интернет-конференция (сауалнама)   https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=4493 сілтемесі бойынша қолжетімді.

Сіздерді осы сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

БАҚ
Ақпаратқа қол жеткізу
11 октября 2023
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ЮНЕСКО «Қауіпсіз онлайн: кибершабуылдардың алдауына қалай түспеу керек» тақырыбындағы онлайн-сессияға шақырады

2023 жылғы 12 қазан, сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ЮНЕСКО ұйымдастырған медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кезекті онлайн-сессия өтеді.

«Қауіпсіз онлайн: кибершабуылдардың алдауына қалай түспеу керек» сессиясында кибершабуылдардың типтік әдістері және қаржылық, материалдық немесе моральдық шығындарға әкелуі мүмкін әртүрлі манипуляциялардың мысалдары талқыланады. Сондай-ақ, тренинг барысында осындай алдау түрлерін қалай айналып өту керектігін және олардан қорғанудың тиімді әрекет алгоритмдері талқыланады. Спикер ретінде Пермь университетінің доценті, медиа жаттықтырушы, филология ғылымдарының кандидаты Иван Печищев сөз сөйлейді.

Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін; ақпаратпен, медиамен және түрлі медиа-технологиялармен дұрыс жұмыс жасаудың жолдарын меңгеруге қызығатындардың барлығын осы іс-шараға шақырамыз.

Сессия ZOOM платформасында онлайн-форматта өтеді. https://us06web.zoom.us/j/89418778422?pwd=KG0vveTrWhDymg9RmswXjKvB89x8mL.1 (Конференция идентификаторы: 894 1877 8422, кіру коды: 949513).

Курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA.

Барлық сұрақтар бойынша келесі номер бойынша хабарласуға болады +7 7172 740186.

Медиа және ақпараттық сауаттылықтың әртүрлі аспектілеріне арналған жастарға арналған тренингтер бағдарламасы (жүктеу/скачать)

 

БАҚ
Ақпаратқа қол жеткізу
04 октября 2023
Медиа сауаттылық бойынша онлайн сессия

Білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институты мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі медиа сауаттылық бойынша онлайн сессияларға шақырады.

2023 жылдың қазан-қараша айларында Білім берудегі ақпараттық технологиялар жөніндегі ЮНЕСКО институты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен медиа және ақпараттық сауаттылықтың түрлі аспектілері бойынша жастарға арналған тренингтер сериясын өткізеді.

Ертең, 5 қазанда сағат 17:00-де (Астана уақыты бойынша) медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша бірінші сессия өтеді.

Курс Дүниежүзілік медиа және ақпараттық сауаттылық апталығының іс-шаралары шеңберінде өткізіледі және «Құқық» ҚҚ, «QOLDAU» білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі» ҚБ, «New vision team» ҚҚ, «Жастар салауатты өмір салты үшін» ҚБ қатысуымен жүзеге асырылады.

Сыни ойлау дағдыларын, киберқауіпсіздік негіздерін, ақпаратпен, медиамен және технологиялармен саналы және мағыналы өзара әрекеттесуді меңгеруге мүдделі жастарды курсқа шақырамыз.

Сессиялар онлайн-форматта (ZOOM платформасы арқылы) өтеді. Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/87647959397?pwd=obyvhObAgYz9MTT3BdIjGAuTu9ULis.1 (Конференция идентификаторы: 876 4795 9397, кіру коды: 188261).

Курсты өтуге қызығушылық танытқан жағдайда мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/1ncDJ5AnAx84Km3SA

Қосымша сұрақтар бойынша +7 7172 740186 номері арқылы хабарласуға болады.

бағдарлама pdf (жүктеу/скачать)

Азаматтық қоғам
29 сентября 2023
Министр Аида Балаева Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті.

Іс-шара барысында министр Жетісу тұрғындарына ведомствоның жетекшілік ететін салалары бойынша толық ақпарат берді. Атап айтсақ, мәдениет және архив, медиа және азаматтық сектор, жастар және отбасы саясаты, дін және этносаралық қатынас бағыттарының жұмыстары баяндалды.

Тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, оған министр жан-жақты жауап берді.

Жетісу жұртшылығымен кездесуден кейін Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдап, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арнайы брифинг өткізді.

БАҚ
Ақпаратқа қол жеткізу
22 сентября 2023
Жасанды интеллект, заманауи журналист және жаңа этика - Astana Media Week. Екінші күн.

Astana Media Week апталығының екінші күні диджитал көрмесімен ашылды. «Альтернативная реальность» - жасанды интеллектті пайдалана отырып, Қазақстанның болашағына көз салу. Авторы - суретші Юлия «Юка» Кравченко. Оның айтуынша, шығармалар бір тақырыппен - өнер мен жасанды интеллект симбиозымен біріктірілген:

«Бұл көрме - көп жылдық жұмыс пен зерттеудің нәтижесі. Мен болашақ, ондағы орнымыз және технологияның бұл әлемді қалай өзгерте алатыны туралы ойлануға итермелейтін өнер туындыларын жасау үшін жасанды интеллектті қолдандым».

Өңірлік БАҚ форумында жергілікті медианың әлеуеті мен болашағы талқыланды. Биыл Форумның күн тәртібі кеңейтілді – қазақстандық шындық қана емес, бүкіл Орталық Азия мен ТМД-ның проблематикасы қамтылды. Форум аясында өткен бірінші панельдік сессияның тақырыбы – «Цифрлық дәуірдегі журналистер жұмысының ерекшеліктері: жылдамдық, ақпарат көлемі, бәсекелестік».

Пікірталасқа қатысушылар: Дмитрий Евлашков, «Ресей газетінің» Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігінің директоры (Ресей), Lee Chae Hwan, Қазақстандағы BIG OCEAN ENM (Оңтүстік Корея) өкілі, Ерболат Мұхамеджан, Maqsut Narikbayev University Басқарма төрағасының орынбасары, Руслан Сыздықов, AI-энтузиаст, нейрокреатор, digital-MediaWaves агенттігінің негізін қалаушы және Олжас Мырзағалиев, TENGRINEWS.KZ бас редакторы. Пікірталас модераторы - журналист, КТК телеарнасының жүргізушісі Дина Төлепберген.

Конвергентті журналистикада заманауи журналист не туралы жазатынын ғана емес, сонымен қатар аудиторияның әртүрлі сегменттеріне арналған контентті ойластырып, оны тарату арналарының картасын құра білуі керек, деді «Ресей газетінің» Орталық Азия бойынша аймақтық өкілдігінің (Ресей)  директоры Дмитрий Евлашков:

«Бұл әртүрлі алаңдарға бейімделетін мәтіндік контентті байытуға және әртараптандыруға, сондай-ақ аудиторияның сұранысын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Яғни, контенттің әр бірлігі бір уақытта әртүрлі медиа формаларда ұсынылады: мәтін, иллюстрация, анимация, инфографика, видео, аудио жазба. Мұның бәріне дамыған цифрландырудың есебінен қолжеткізіледі. Контент аудиторияның әртүрлі сегменттерінің қажеттіліктері мен қалауын қанағаттандыру үшін әртүрлі форматтарда жасалады. Әрбір пайдаланушы ақпаратты өзіне ыңғайлы платформада алады».

Ал Форум аясындағы екінші панельдік сессияда өңірлік БАҚ ең рейтингтік өңірлік жобалардың ULGI-кейстері ұсынылады. Талқылауға Арман Әубәкір, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қорының басшысы, Өміржан Әбдіхалық, Arasha.kz өкілі, Телман Бейсенов, «Turkistan Media Holding» басқарушы директоры, Эльнора Розмут, баспагер, er10.kz бас директоры, Қазбек Кертаев, «Caspian news» телеарнасының директоры Зарина Қуатова қатысты. Модератор - «Халық үні» медиа холдингінің директоры Ринат Кертаев.

PUBLIC TALK пікірталас алаңының тақырыбы – жаңа этика. Қатысушылар медиа соңғы жылдары қандай құндылықтар эволюциясынан өткені туралы өз пікірлерін ортаға салды. Талқылауға Жайна Сламбекқызы, «Хабар» телеарнасының директоры, Амангелді Құрмет, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Алма Сайлауқызы, журналист, телепродюсер, медицина ғылымдарының кандидаты; блогер Өркен Кенжебек, «Qazaqstan\» РТРК, «Қазақ радиосы»-нан Мұхамедәлі Болатұлы және ҚҚДИ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қатысты. Модератор – медиа сарапшы, Ясауи атындағы ХҚТУ қауымдастырылған професслы, PhD Молдияр Еркебеков.

Astana Media Week-тің екінші күні «БЕЛГІСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН БАҚ-ТЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛАР СТРАТЕГИЯСЫ» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен аяқталды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жаңа медиа еркіндігі, ҚР медиа заңнамасында блогосфераны реттеу, ақпараттық кеңістіктегі этика мен жауапкершілік және жалған ақпаратқа қарсы тұруда тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылады.

Дөңгелек үстелге әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Ане Тынышбаева,Visiting Fellow Syracuse University өкілі (АҚШ), шақырылған ғылыми қызметкері Құралай Садықова, әдіскер және бизнес-тренер, ТМД спикерлері қауымдастығының мүшесі Жанна Ибраева, Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Шаповалова Марина, журналист Айгүл Мукей, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің коммуникациялар қызметінің басшысы Рахат Жақсыбай, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Бауыржан Боқаев. Модератор - профессор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеулер институтының директоры Айгүл Көшербаева.

Мәдени бағдарлама аясында «МІРЖАҚЫП. ОЯН, ҚАЗАҚ!» фильмінің премьерасы өтті.

Astana Media Week 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Медиа апталыққа 2000-нан астам қонақ, қазақстандық және шетелдік медиа индустрияның 60 топ-менеджері, 20-ға жуық республикалық телеарна мен 50-ден астам продакшн-компания қатысады. Astana Media Week Қазақстанда жетінші рет өткізілуде. Биылғы жылдың тақырыбы «MEDIA POWER: TRENDS, CHANGES, ETHICS» (Медиа күші: тенденциялар, өзгерістер, этика).

Жастар саясаты
21 сентября 2023
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы -  ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Креативті бастамалар», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Әр жылдары аталған сыйлықты түрлі саладағы 320-дан астам азамат иеленген болатын.

Конкурсқа қатысуға құжаттар 2023 жылғы 20 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті (қағаз нұсқада) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер үйі» ғимаратында (14-кіреберіс) қабылданады. Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@gmail.com поштасына жолдауға болады. Байланыс номерлері: 8(7172) 74-05-25, 8(7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54.

* Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы (жүктеу/скачать)

* pdf - Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы (жүктеу/скачать)

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты