Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі 2025 жылдың I жартыжылдығы бойынша қорытындыларды ұсынады. Медиа саланы дамытудың негізгі бағыттарына назар аударсақ. Атап айтқанда, БАҚ-ты тіркеу мен жаңарту, құқыққа қарсы контентпен күрес, халықаралық ынтымақтастық, бірлескен жобалар және тарату аясын кеңіту мәселелері қарастырылады.
БАҚ-ты тіркеу
Республикада барлығы 4 871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның ішінде 3 002 мерзімді басылым (газет, журнал), 236 телеарна, 98 радио, 1 231 ақпарат агенттігі мен онлайн-басылым бар. 2025 жылдың I жартыжылдығында БАҚ реестрі жаңартылып, ел аумағында 140 БАҚ қызметін тоқтатып (59 газет, 62 журнал, 19 интернет-басылым), тіркеуден шығарылды.
«Құқыққа қайшы контент» таратуға қарсы шаралар
Жыл басынан бері интернет желісінен 74 130 заңға қайшы материал анықталып, олардың 36 667-і жойылған. Онлайн платформалардан 49 896 материал табылып, оның 12 433-і жойылды.
Ортақ жобалар
«Евразия» арнасы ресейлік «Первый канал» арнасымен бірлесіп, Қазақстанда «Аллигатор» атты 8 сериялы көркем сериал түсірді. Бүгінде «Qazaqstan» арнасы түркиялық «Kanal D» арнасымен бірге «Қайта оралған Үміт» атты 100 сериялы телехикаяны жарыққа шығармақ. «24KZ» арнасы Қытайдың CCTV‑4 арнасымен «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында Қазақстан жайлы «Ортақ үй» («Общий дом») атты деректі фильмнің премьерасын өткізді. «Хабар» арнасында «Ұлы дала мен Аспан асты елі: көршілер, серіктестер, достар» атты деректі фильм көрсетілді.
Халықаралық ынтымақтастық Euronews-пен серіктестік аясында «Modern Nomads» телевизиялық бағдарламасының 12, «East West Connect» 6, «Voices from Central Asia» 6 шығарылымы, «Focus» 3 репортажы әзірленді.
Сонымен бірге, 2025 жылдың наурыз-маусым айларында Euronews Academy білім беру жобасы бойынша Қазақстанда журналистика және медиаменеджмент бағыттарында 4 кәсіби курс ұйымдастырылды.
Тарату аясын кеңіту
«Сұр табақшалар» науқаны аясында шетелдік спутник құрылғыларына балама ретінде отандық спутник аппараттарын сатып алуға ынталандыру мақсатында субсидиялау бағдарламасы іске қосылды. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында 300-ден астам құрылғы сатып алу құны субсидияланды. Жақын арада шекаралас аймақтарда тұрғындар 3 000-нан астам аппарат пайдаланады деп жоспарлануда.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
16–17 шілде күндері Қытай Халық Республикасының Сиань қаласында ШЫҰ елдерінің екінші телевизиялық фестивалі басталды.
Ашылу салтанатына ШЫҰ-ға мүше 19 мемлекет, бақылаушы елдер мен диалогтық серіктестер, 300-ге жуық маман, сарапшы және дипломат қатысты.
Оның ішінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице‑министрі Қанат Ысқақов та болды.
Іс-шара барысында Қанат Ысқақов Шанхай ынтымақтастық ұйымының сенімге, теңдікке, өзара құрметке және мәдени әралуандылыққа негізделген маңызды халықаралық платформа екенін атап өтті.
Сонымен қатар, фестиваль аясында Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік радио және телевизия басқармасының орынбасары Донг Синмен кездесу өтті.
Кездесуде екі ел арасындағы медиа саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту жөніндегі қадамдар талқыланды.
Іс-шара нәтижесінде 2025 жылғы фестивальге арналған бірлескен декларация қабылданып, бекітілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
«Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау уақыты 15 маусымға дейін ұзартылды.
Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор
Өтінімдер tvtumar.kz ресми сайтында қабылданады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 14 мамырдан бастап «Тұмар» – 2025 ұлттық телевизиялық сыйлығына өтінім қабылдау басталды.
Аталған бәйге 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен құрылып, содан бері отандық телевизия саласындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде сыйлыққа 2200-ден астам өтінім қабылданып, 354 жоба номинант атанды. Ал 98 жеңімпаз «Тұмар» мүсіншесіне ие болды.
Биылғы бәйгеге 2024 жылғы 13 мамыр мен 2025 жылғы 14 мамыр аралығында қазақстандық телеарналардың эфирінде көрсетілген жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және өңірлік телеарналар, телестудиялар мен кәсіби телевизиялық контент өндіруші компаниялар ұсынуға құқылы.
Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:
- Ең үздік әлеуметтік тележоба
- Жылдың ең үздік репортажы
- Ең үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама
- Ең үздік журналистік зерттеу
- Жылдың ең үздік телехикаясы
- Ең үздік деректі фильм
- Ең үздік балалар тележобасы
- Ең үздік өңірлік телеарна
- Ең үздік тележурналист
- Ең үздік тележүргізуші
- Ең үздік спорттық комментатор
Өтінімдер 2025 жылғы 9 маусымға дейін қабылданады. Толық ақпаратты tvtumar.kz ресми сайтынан біле аласыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен ауқымды реформалар Қазақстан үшін әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістіктің географиясын кеңейтуге және жаңа көкжиек ашуға мүмкіндік береді. Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі жетекшілік ететін бағыттарда көптеген маңызды оқиғалар орын алып, бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды. Оның ішінде ақпарат, мәдениет, азаматтық қоғам, дін және этносаралық, жастар және отбасы саясаты, креативті технологиялар бағыттары бар.
Ақпарат саласын дамыту
Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы және Жолдауындағы тапсырмалары мен реформаларын орындау аясында Министрлік мәдениет, ақпарат және коммуникация салаларын дамытудағы негізгі бастамаларын іске асыруда.
Ақпарат саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы. 2024 жылдың бірінші жартысында «Масс-медиа туралы» Заңды қабылдау бойынша айтарлықтай жұмыс жасалды. Заң жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихында ең көп талқыланған құжаттың біріне айналды. Нәтижесінде 19 маусым күні ҚР Президенті Қ.Ж.Тоқаев медиасферадағы жаңа үрдістерді ескере отырып мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғауға арналған «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды.
Қазақстандық телеарналардың халықаралық деңгейде таратылуы тұрақты түрде және айтарлықтай кеңейіп келеді: «Silk Way» арнасы қазірдің өзінде 118 елде көрсетіліп АҚШ, Еуропа және Азиядағы кабельдік операторларға қосылған; «Хабар 24», «Qazaqstan International» және «Balapan International» Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда және басқа да елдерде хабар таратады.
Музей ісін дамыту және театр өнерін насихаттау бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарылып жатыр. Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасының иммерсивті көрмесі жарқын оқиғаға айналып, нағыз сенсация тудырды: экспозицияға 25 мыңнан астам адам келді. Биыл құрылған шығармашылық ұжымдар - «Бірлік» ән-би көпұлтты ансамблі және классикалық гитаристердің Мемлекеттік квинтеті халықаралық сахналарда сәтті өнер көрсетіп жүр.
Жыл басынан бері мемлекеттік театрлардың шығармашылық ұжымдары жеті жарым мыңға жуық спектакль ұсынды, оған бір жарым миллион көрермен қатысты.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы– кітап оқу екенін атап өтті. Осыған байланысты «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» деп белгіленді. Кітаптар барлық азаматтарға қолжетімді болуы тиіс, сондықтан қазір елде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған 17 мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді.
Қазақстанда цифрлы эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу қарқынды дамып келеді. 580 радиотелевизиялық станция ел халқының 93%-дан астамын «цифрмен», ал шекаралас аудандарда «Qazaq radiosy» халықтың 91%-ын немесе 435 мыңнан астам тұрғынды қамтиды.
Өңірлік баспасөзді дамытпай, ақпарат саласын дамыту мүмкін емес. Министрлік биыл да мемлекеттік тапсырыс арқылы өңірлермен жұмыс істеуді және Журналистиканы дамыту қоры арқылы гранттар беруді жалғастырды. Сондай-ақ, өткен сәуірде алғаш рет өңірлік БАҚ әлеуетін арттыру және журналистік материалдардың сапасын жақсарту бойынша форум өтті.
Өңірлік баспасөз өз позициясын жоғалтпай, әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлердің көмегімен сапалы дамып келе жатқанын ерекше атап өткен жөн.
Мәдениет, өнер және әдебиет жаңа кезеңге өтті
Халықтар арасындағы өзара байланысты нығайту үшін, басқа елдермен гуманитарлық ынтымақтастық кеңейтіліп, күшейтіліп жатыр. Әрине, жылдың маңызды оқиғаларының бірі екі мемлекет көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің қатысуымен өткен Қазақстанның Бейжіңде және Қытайдың Астанадағы мәдени орталықтарының ашылуы болды. Орталықтар мәдени іс-шараларды өткізуге арналған алаңға айналды.
Биыл Қазақстан алғаш рет Венеция өнер биенналесінің толыққанды қатысушысы атанды, онда Jerūiyq мифтік мекені – құт қонған жер туралы ежелгі қазақ аңызының заманауи түсіндірмесі ұсынылды. Осылайша, Қазақстан әлемдік мәдени қоғамдастыққа қосылуын және өзінің мәдени құндылықтарын насихаттауға деген ұмтылысын растады.
Мәдени нысандар -Түркістанның мәдени мұрасының жүрегі
Түркістанның туристтік әлеуеті қарқынды дамып келеді. Қаланың мәдени мұрасының көрсеткіші - 20 жыл бұрын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген Қожа Ахмет Ясауи кесенесін атауға болады. "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының аумағында орналасқан бұл зәулім тарихи нысан түркі әлемінің рухани бірлігінің символына айналды.
"Әзірет Сұлтан" музей-қорығы бірегей тарихи жәдігерлерді сақтай отырып түркі әлемінің мәдени мұрасын насихаттауда маңызды рөл атқарады. Оның экспозициялық алаңдарында түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыруға бағытталған көрмелер тұрақты өткізіліп тұрады. 2021 жылы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде Түркістан "Түркі әлемінің рухани астанасы" болып жарияланды. Бұл бастама Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен өңірдің мәдени өмірінде музей-қорықтың маңыздылығын айқындайды.
Жастар және отбасы саясаты-қоғам дамуының негізі
Министрлік жұмысының басым бағыты- жастарды қолдау, оларды "Адал азамат" қағидаттарына баулу болып табылады. Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жаңарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Аталған бастама жастарды ұлттық міндеттерді іске асыруға белсенді тартуға мүмкіндік береді.
Жастарға арналған төмен пайыздық мөлшерлемемен "9-20-25/Отау" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылса, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының мөлшері 1 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды.
Отбасылық құндылықтар мен гендерлік теңдікті нығайту Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдығы болып табылады. Салада сапалы өзгерістер орын алып келеді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта Аналар күні алғаш рет аталып өтті. Бұл бағытта 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының орындалуына мониторинг жүргізу маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік мекемелер үшін БҰҰДБ-мен гендерлік теңдікке қол жеткізудегі сертификаттау бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасуда.
Азаматтық қоғам билік пен халықтың өзара әрекеттесу факторы ретінде
Қазақстан өзін "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" деп жариялады, сондықтан министрлік билік пен қоғам арасындағы байланысты дамытуға күш салып келеді. Epetition.kz платформасы азаматтардың өтініштерін жіберетін алаңға айналып, қазір 54 өтініш жарияланды. Екі өтініш бойынша шешім шығарылды.
Жыл басынан бері ведомство Қазақстанда азаматтық секторды дамытудың үш бағыты бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Олар: институционалдық негіздерді құру, диалогтық өзара іс-қимыл жасау және азаматтық бастамаларды дамыту.
Волонтерлік қозғалыс 50 мыңнан астам еріктіні тарта отырып сәтті жұмыс істеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 700-ге жуық волонтерлік ұйымы, 1000-нан аса бастамашыл топ және 1000-нан астам "Күміс волонтерлер" бар. Сондай-ақ елімізде төтенше жағдай кезінде аймақтардағы адамдарға көмектесетін, әлеуметтік көмек көрсететін, медициналық, қайырымдылық жобаларын ұйымдастыратын, ағаш отырғызып, табиғи полигондармен күресетін 240 мыңнан аса волонтер бар. Су тасқыны кезінде құтқарушылармен бірлесе жұмыс істеген 50 мың волонтерсіз төтенше жағдай дүрбелеңіне қарсы күрес сәтті жүрді.
Қазіргі таңда Қазақстанда ҮЕҰ заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп, оған 40-тан астам сарапшы мен азаматтық қоғамның 50 өкілі қатысуда. Жұмыс барысында 42 өзекті мәселелердің тізілімі қалыптастырылып, нәтижесінде кешенді шаралар қабылданады. Сондай-ақ "Азаматтық қоғамды дамыту" тұжырымдамасы да жаңартылады. "ҮЕҰ академиясы" жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдардың 759 өкілі оқытылды.
"Игі істер марафонын" өткізу игі дәстүрге айналып, 9 мың адамның қатысуымен 625 іс-шара ұйымдастырылды. Жыл сайын 2000-нан астам әлеуметтік жоба іске асырылып, олардың көлемі 14% - ға артты.
Шығармашылық индустриялар-экономиканың болашағы
Қазақстандағы креативті индустриялар көптеген әлеуметтік және мәдени міндеттерді шеше алатын экономикалық өсудің маңызды тетігі ретінде қарастырылуда. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында аталған саланы дамытудың маңыздылығын атап өтіп, әрбір облыс орталығында креативті хабтар құруды тапсырды.
Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасы әзірленіп, қазір Парламент Мәжілісінде қаралуда. Креативті индустриялардағы кәсіпкерлерді қолдау үшін салықтық жеңілдіктер енгізілді. Нәтижесінде бөлшек салықтың арнайы салық режиміне жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізімі кеңейтіліп, креативті салалардың 40 түрі қамтылды. Бұл ретте кәсіпкерлер бірыңғай салық төлейтін болады – жеке кәсіпкерлер үшін 2-4% және ЖШС үшін 8%. Бұл шаралар 35 мыңға жуық кәсіпкерге салықтық жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанда халықаралық нарықта креативті тауарлар мен қызметтерді ілгерілету және жас таланттарды қолдау үшін "Креатив хаб "халықаралық креативті индустрия орталығы" корпоративтік қоры құрылуда.
Күшіміз - бірлікте
Ұлттық бірлікті нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды рөл атқарады. Қазір оны дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы іске асырылуда. Ассамблея этномәдени өзара іс-қимылды белсенді дамытуда. Статистикаға сәйкес, азаматтардың 97% этносаралық қатынастарды оң бағалайды. Қазір республикада 1000-нан астам этномәдени бірлестік, сондай-ақ 15 тілде 52 этностық БАҚ жұмыс істейді.
Жұмыстың маңызды бағыты-дін саласы
Министрлік діни экстремизмнің алдын алу профилактикасын жүргізіп, елімізде зайырлы құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайту бойынша пәрменді қадамдар жасайды. Діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде қазақстандық қоғамда зайырлы құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал ететін 12 959 материал дайындалды. Елімізде 3 961 діни бірлестік және 14 рухани оқу орны тіркелген.
Жылдың екінші жартысында мәдениет және ақпарат министрлігі барлық жетекшілік ететін салаларды дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 50 «Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қоюды жүзеге асыру» Қағидаларын бекіту» және «Ақпарат саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» бұйрық жобасының қоғамдық талқылауы басталғаны туралы хабарлайды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1516041 0 сілтеме бойынша аталған бұйрық жобасы қол жетімді.
Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Масс-медиа саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын қоғамдық талқылауды бастау туралы хабарлайды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15156363 сілтеме бойынша аталған бұйрық жобасы қол жетімді.
Сізден жобаны талқылауға қатысуыңызды сұраймыз.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазір Парижде өтіп жатқан Олимпиаданы отандық 5 телеарна көрсетіп жатыр. Қазақстандықтар «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Ел арна» және «Хабар» арналарынан тікелей эфир арқылы тамашалауда.
«Хабар» агенттігі» АҚ 26 шілдеден бастап «Хабар» және «Ел арна» арналарында Парижде өтіп жатқан Олимпиаданы тікелей эфирде көрсете бастады. «K Research Central Asia» мәліметінше, бес күн ішінде телеарналар 8 бағыт бойынша 24 хабар таратып, жалпы аудитория 1 394 769 адамға жеткен.
«Хабар» арнасындағы бокс бәсекесін 229 438 адам, «Ел арнадан» 254 054 адам тамашалап, ерекше қызығушылық тудырды.
Трансляцияны агенттік сайтыннан 1 158 471 адам, YouTube платформасында 4 451 424 адам көрген. 5 күн ішінде «Хабар» агенттігі платформаларындағы барлық хабардың жалпы аудиториясы 32 миллионға жетті.
Сондай-ақ «Қазақстан» мен «Qazsport» телеарналары да рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді. Сараптама нәтижелері бойынша Жазғы Олимпиаданы аталған телеарналардан 6 075 365 адам көрген, оның ішінде 4 492 947-сі теледидардан тікелей трансляцияларды, 1 489 471-і ресми сайттар мен Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы тамашалаған. Әлеуметтік желідегі парақшаларда жарияланған контент 65 миллион қаралымға жетті.
Қазір Жазғы Олимпиадада бес телеарнада 26 комментатор жұмыс істейді. Сондай-ақ қазір Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім тобы жұмыс істеп жатыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді.
Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады.
Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.
Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиаданың сайыстар кестесі қосымша жарияланады.
Жазғы Олимпиада кезінде «Қазақстан телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 17 шілдеде (сағ. 03:00-ден 17:00-ге дейін) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Сall-сenter: 193, +7 (727) 2 581 500, 8 8000 800 193
e-mail: abonent@otautv.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі