Меню
Страницы

«Үркер» Ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау

«Үркер» Ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы жеңімпаздар 11 аталым бойынша анықталды, және олардың әрқайсысы 1 млн теңге қаржылай жүлдеге ие болды.

Ұлттық сыйлық баспа, радио, онлайн-журналистика салаларында ең үздік жетістіктер үшін беріледі және өңірлердегі мультимедиялық журналистиканы дамытуға, журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды және критерийлерді құруға, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

«Жылдың үздік фото-суреті» номинациясында Әли Оспан (egemen.kz) жеңімпаз атанды, «Жыл репортажы» номинациясы бойынша Ксения Бондал  («Капитал») жеңіске жетті, Евгения Бодрованың (Informburo.kz) жұмысы «Жыл аналитикалық материалы» номинациясында жүлдеге ие болды. «Жыл журналистік зерттеуі» - Яцун Анастасия (Ноlanews.kz), «Жыл сұхбаты» - Жанна Ойшыбаева (Литер), ал «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» номинациясында Аян Өрібай (ҚазАқпарат) ұтысқа жетті. Жыл радиостанциясы ретінде «Радио Классик» танылды . «Жыл ақпараттық порталы», «Жыл газеті» және «Жыл журналы» номинацияларында жеңімпаздар тиісінше «Zakon.kz», «Время» газеті, «National Geographic» журналы атанды. «Жыл new media» номинациясы Kaliyev-channel телеграм каналының авторы Талғат Қалиевқа ұсынылды. Ал  Egemen Qazaqstan» газетіне 100 жыл» жүлдесі Намазалы Омашқа бұйырды.

Жеңімпаздарды белгілі қоғам қайраткерлерінен, шығармашылық интеллигенция өкілдерінен және белгілі отандық журналистерден тұратын комиссия анықтады.

Еске сала кетсек, баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық байқауы 2017 жылы құрылған болатын. Байқау құрылтайшысы, әрі ұйымдастырушысы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып табылады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы