Жыл сайын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан дәстүрлі түрде өткізілетін «Үздік педагог» байқауының биылғы жылғы жеңімпаздарын 2022 жылдың 22 желтоқсанында Қонаев қаласында Алматы облысы әкімі Марат Елесізұлы Султангазиев арнайы қабылдауында марапаттады. Республикалық «Үздік педагог» байқауының 3 млн.63 мың теңгенің сертификаты төмендегі жеңімпаздарға табысталды.
Адият Махсат - Жамбыл ауданы, Балғабек Қыдырбекұлы атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі.
Абишева Айнур Абджалаловна -Қарасай ауданы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі.
Утепбергенова Гульнур Агибаевна - Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің өндірістік оқыту шебері.
Республикалық «Үздік педагог» байқауының облыстық кезеңінде 900 мың теңге сертификатын иеленген жеңімпаз ұстаздарымыз:
Таукел Хуанган – Іле ауданы, №44 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Оразалі Гулина – Қарасай ауданы, Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің математика пәні мұғалімі.
"Үздік педагог-2022" республикалық байқауының жоғары нәтижелері және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жаңа дәуірдің талаптарына сәйкес келетін білім беру саласындағы инновациялық жетістіктері үшін «Үздік педагог-2022» атағын алған педагогтарға Алматы облысы әкімінің атынан арнайы "Алғыс хат" табыс етілді.