Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобаларының арқасында қаражат үнемделіп, жүйедегі ашықтық қамтамасыз етілді

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру жобаларының арқасында қаражат үнемделіп, жүйедегі ашықтық қамтамасыз етілді
Астана мен Алматы қалаларында жедел жәрдем қызметкерлері үшін бейнежетондарды пайдалану бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қазірдің өзінде олар 3 мыңнан астам сапар кезінде пайдаланылды. Нәтижесінде медициналық қызметкерлер мен пациенттер арасында жанжалдар саны азайды. Сондай-ақ Yandex Qazaqstan-мен бірлесіп, Астана тұрғындарына жедел жәрдемнің нақты уақыттағы орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды. Бұл қайталанатын қоңыраулардың санын 40%-ға дейін азайтты. Ол жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңындағы баспасөз мәслихатында хабарлады.