Алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары жазғы кезеңде аяқталуы керек — Олжас Бектенов

Алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары жазғы кезеңде аяқталуы керек — Олжас Бектенов
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралды. Онда энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, отын жеткізу және инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов ұлттық энергетикалық жүйенің жұмысы туралы, «Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов энергия көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.