Ауылдардағы жайлы мектептерде 200 мыңнан астам бала оқиды

Ауылдардағы жайлы мектептерде 200 мыңнан астам бала оқиды
2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр ауқымды құрылыс жұмысы басталды. Бүгінге дейін 105 мектеп салынды. Биыл тағы 112 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады. Яғни «Жайлы мектеп» жобасы аясында екі жылда 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынуда. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.