«Іле ауданының жергілікті атқарушы органдар жұмысын тиімді үйлестіру» тақырыбында Боралдай кенті мен ауылдық округ әкімдері және сала бойынша жауапты мамандардың қатысуымен арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинар мақсаты – ауылдық округтердің жұмысын заңнама талаптарына сай үйлестіру, жергілікті қоғамдастық жиналыстарын жандандыру және дербес бюджетті тиімді қалыптастыру жолдарын талқылау.
📌 Семинар барысында келесі өзекті мәселелер қаралды: ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-2-бабы және тиісті министрлік бұйрықтарына сәйкес қоғамдастық жиналыстарын тиімді ұйымдастыру; ҚР ӘҚБтК-нің 729-бабы аясында айыппұл салу тәртібін түсіндіру; Төртінші деңгейлі бюджет шығыстарын бағыт бойынша жүзеге асырудың жолдары мен тиімділігін арттыру.
Семинар модераторы – аудандық мәслихат төрағасы Карибаев Мұхит Бақытұлы. Шараға ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің аға прокуроры Нұрқанат Нұрсәлиев, Іле ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі Асқар Садықов, сондай-ақ ауданның тиісті бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл семинар жергілікті басқару сапасын арттырып, ауылдық округтердің қаржылық және әкімшілік дербестігін нығайту жолында маңызды қадам болды.