
«Күртіауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің
2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі есебін жария талқылау
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Күртіауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге міндетті;
- көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
- қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы№ 301 бұйрығына сәйкес, «Электрондық үкімет порталы» және округі әкімінің аппараты кеңсесі арқылы барлығы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
1) "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес – 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
2)"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес – 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
3)"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес –37 мемлекеттік қызмет көрсетілді;
4) "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекетік қызметтер бойынша өтініш түспеді.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс.
«Сервистік әкімшілік» жобасын іске асыру мақсатында аппарат ғимаратында электрондық үкімет веб-порталына шығатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы дайындалып орнатылған және жұмыс істейді. Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен регламенттер бар стендтер, анықтама телефондарының нөмірлері, өтініш үлгілері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, бейнебақылау камерасы, күтуге арналған ыңғайлы орындықтар, суға арналған диспенсермен қамтамасыз етілген.
2024 жылы өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 991 қызмет көрсетілді.
Ерекше қажеттіліктері бар жандардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға округ әкімі аппаратында қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, мүгедектерге арналған тұрақ, шақыру түймесі т.б.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша үнемі іс-шаралар өткізіледі. «Іле таңы» газетіне-1 мақала жарияландысондай-ақ электрондық қызметтерді насихаттау бойынша екі тілде1 баннер әзірленіп, ілінді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
2024 жылы барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.