
Күрті су қоймасы нысанына комиссиялық тексеру жүргізіліп, объектінің қорғалу жағдайына визуалды бақылау жасалды.
Комиссия құрамына аудан прокуратурасының өкілдері, Полиция басқармасының қызметкерлері, Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ «Қазсушар» РМК филиалының аға инженері мен Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Тексеру барысында су қоймасының аумағы, гидротехникалық құрылыстар, іргелес инфрақұрылым нысандары, қоршау элементтері, сондай-ақ өткізу және ішкі объектілік режимнің ұйымдастырылу деңгейі көзбен шолып қаралды. Объектінің нақты қорғалу жай-күйіне, қауіпсіздік талаптарының сақталуына және инженерлік-техникалық қорғау құралдарының жұмыс істеуіне тиісті баға берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша объектінің қорғалу деңгейінің қазіргі жағдайы айқындалып, бірқатар кемшіліктер анықталды. Аталған кемшіліктерді жою және объектінің антитеррористік қорғалу деңгейін арттыру мақсатында тиісті қызметтерге ұсынымдар берілді.