🌿 Табиғатты бірге қорғайық! Қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

🌿 Табиғатты бірге қорғайық! Қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!

📍 Күрті су қоймасы жағалауында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы мен облысынан Күрті су қоймасының жағалауына демалуға, фото және бейнетүсірілім жасауға келушілер саны артуына байланысты, Іле ауданы Ақши ауылындағы №13 өрт сөндіру бекетінің бастығы Сейділдаев Біржан Алтайұлы, Күрті ауылдық округі әкімдігінің мамандары және еріктілермен бірлесіп, профилактикалық іс-шара өткізді.

🔥 Іс-шара барысында демалушыларға:
— табиғаттағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау,
— су жағасында қауіпсіздік шараларын қатаң ұстану,
— қоршаған ортаға ұқыпты қарау
туралы арнайы жаднамалар таратылып, кең көлемде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

🤝 Демалушылар тарапынан көрсетілген түсіністік пен қолдау ерекше атап өтілді. Көпшілік қауіпсіздік талаптарын дұрыс қабылдап, оларды сақтаудың маңыздылығын жеткізе білді.

✅ Мұндай шаралардың басты мақсаты — табиғатты қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

🌿 Табиғатты бірге қорғайық! Қауіпсіздік — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!