Әскери қызметін өткеріп келген сарбазымыз Жеткерген Жасұлан жоғарғы оқу орнынының грант иегері атанды

Әскери қызметін өткеріп келген сарбазымыз Жеткерген Жасұлан жоғарғы оқу орнынының грант иегері атанды

2025 жылғы 11 маусымдағы №4/22/4863 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің тапсырмасына сәйкес, мерзімді әскери қызметін өткеріп, жоғары жауынгерлік даярлық көрсеткен азаматтарға еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін арнайы гранттар бөлінді.

Біздің Күрті ауылдық округінің тұрғыны Жеткерген Жасұлан Жанаділұлы осы мүмкіндікті пайдаланып, грант иегері атанды. Бұл – ауылымыздың абыройын арттырып, жастарға үлгі болатын үлкен жетістік!

Осы орайда округ әкімі Ғабит Рахымбай Жасұланға арнайы сертификат табыстап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Жасұланның анасына алғыс ретінде сыйлық табысталды.

Шараға қатысқан Аналар алқасының төрайымы Ахметбаева Гүлнар мен “Асыл ана” кеңесінің төрайымы Жамбауова Жанар да жүрекжарды тілектерін айтып, Жасұланның еңбегі мен батылдығын жоғары бағалады.

Бұл – біздің ауылымыз үшін зор мақтаныш, ел қорғанына айналып, білім жолын таңдаған жас сарбаздарға үлкен қолдау мен сенімнің белгісі.