2025 жылғы маусым айының 20 жұлдызында, Күрті ауылдық округінде медицина қызметкерлеріне арналған “Ақ халатты абзал жандар” атты мерекелік концерт өтті.
Шара барысында округ әкімі Рахымбай Ғабит Даниялұлы ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, оларға алғыс хаттар табыстады.
Концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздар дәрігерлер мен медицина саласының мамандарына арнап ән-жырын арнап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл шара – медицина саласының қоғамдағы маңызын айқындайтын, еңбек ерлеріне деген құрметтің көрінісі болды.