Ақши ауылында су ресурстарын басқару мәселелері бойынша кездесу өтті
2025 жылғы маусым айының 19 жұлдызында, Күрті ауылдық округіне қарасты Ақши ауылындағы Мәдениет үйінің акт залында маңызды кездесу өтті. Жиында Д.Қонаев атындағы ҮАК-тың Іле аудандары филиалдарын суару сумен қамтамасыз ету, су ресурстарының «қара нарығы» және мемлекеттік бақылау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі мен оған қарасты құрылымдық мекемелердің өкілдері қатысты. Атап айтқанда:
• С.Т. Мейрамбеков – Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы, ҚР Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің өкілі;
• С. Нұрымбетов – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы;
• Н. Ниязбеков – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің кеңесшісі;
• А. Өскенбаев – «Қазводхоз» РМК бас директорының міндетін атқарушы;
• Ж.М. Орынбетов – Д.Қонаев атындағы ҮАК филиалы директорының орынбасары;
• Б. Чалагулов – Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы «Мемлекеттік бақылау» бөлімінің басшысы;
• А.Т. Садыкова – Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы «Су пайдалануды басқару және реттеу» бөлімінің басшысы.
Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы су тапшылығы, су арналарының техникалық жағдайы, шаруашылықтарға бөлінетін су көлемінің әділдігі және мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. Сонымен қатар, су ресурстарын заңсыз пайдалануға жол бермеу үшін нақты шаралар ұсынылды.