Ақши ауылында әлеуметтік осал топтарға арналған қолжетімді баспана салынуда

Ақши ауылында әлеуметтік осал топтарға арналған қолжетімді баспана салынуда

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған қолжетімді баспана – басты басымдық!

Бүгін Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов Ақши ауылында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

✅ 2025 жылы Ақши ауылында 86 тұрғын үй салу жоспарланған.

2025 жылы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын баспанамен қамту – аудан әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Бұл – әр отбасыға тұрақтылық пен сенім сыйлайтын нақты қолдау», – деді аудан әкімі.

Іле ауданы әкімдігі әлеуметтік әділеттілік қағидатын басшылыққа ала отырып, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау жолында жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.