Балық шаруашылығы саласында инвестициялар көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул жасақталды

Балық шаруашылығы саласында инвестициялар көлемі шамамен 60 млрд теңгені құрайтын 41 ірі жобадан тұратын пул жасақталды
Қазақстанда Каспий итбалығын сақтау мақсатында 2024 жылдың қазан айында «Каспий итбалығы» табиғи резерваты құрылды және бүгінге дейін оны кеңейту мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Каспий теңізінде сирек кездесетін бекіре тұқымдас балықтардың қорын толықтыру үшін Атырау бекіре балық өсіру зауытын «Жаңаталап» және «Еркінқала» учаскелерінде жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов ОКҚ алаңында хабарлады.