10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды

10 мыңнан астам қазақстандық әскери оқу орындары грантының иегері атанды
Әскери білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді дамыту Қорғаныс министрлігі қызметінің басым бағыттардың бірі болып қала береді. Азаматтардың мерзімді әскери қызметті өткеруге деген уәждемесін арттыруға және олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған «Sarbaz 2.0» жобасын дамыту жалғасуда. ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конферецниясында осылай деп мәлімдеді.