Үкімет өндірістегі еңбекті қорғау жүйесін нығайтуда.

Үкімет өндірістегі еңбекті қорғау жүйесін нығайтуда.

Мемлекет басшысының еңбекті қорғау жүйесін нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде өндірісте зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін 479 мың қызметкерді қамтитын шаралар кешені жүзеге асырылуда. Үкімет отырысында ағымдағы нәтижелер мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Сонымен қатар мемлекеттік еңбек инспекциясы 2,4 мыңнан астам жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша еңбек заңнамасын 2,8 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Орындалуға міндетті 1 630 нұсқама берілді. Сондай-ақ 532 млн теңге айыппұл салынды, оның ішінде 392 млн теңге өңдірілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 22 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.