
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының Премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті.
Салтанатты шарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Чехияның әнұрандары орындалды.
Одан кейін Қазақстан Президенті мен Чехия Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.
Андрей Бабиш қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.