
Иммундау мәселесі – халықтың денсаулығын сақтау бағыттарының бірі. Вакциналау жыл сайын миллиондаған адамның өмірін сақтау, аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Қазіргі жағдайда халықтың вакциналауға деген сенімін нығайту аса маңызды болып тұр. Жалған ақпараттың таралуы және инфекциялардан сақтанудың төмендегендігі қоғамдық денсаулыққа қосымша қауіп төндіруде. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, мемлекеттік денсаулық сақтау органы екпелердің маңыздылығын түсіндіру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді түрде жалғастыруда.
Денсаулық сақтау министрлігі иммундық-профилактика жүйесін нығайту, эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету және азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда. Р.Қожапова барлық азаматты өзінің және балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, уақытылы екпе алып, ғылыми расталған медициналық ақпаратқа ғана сенуге шақырды.