Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді.

Қазақстан көмір қоры бойынша әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреді. Үкімет көмір өнеркәсібін дамыту және оның бәсекелестік артықшылықтарын тиімді пайдалануға басымдық беріп отыр.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов төрағалық еткен Үкімет отырысында көмір энергетикасын дамыту және көмір генерациясы бойынша ұлттық жобаны жүзеге асыру мәселелері қаралды. Отырысқа энергетика саласының басшылары мен ірі компания өкілдері қатысты.

Жиында көмірдің әлемде әлі де маңызды энергия көзі екені, сондай-ақ экологияға зияны аз «таза көмір» технологиялары дамып келе жатқаны атап өтілді. Бұл бағытта Қытай, АҚШ, Үндістан және Оңтүстік Корея тәжірибелері мысалға келтірілді.

Премьер-министр көмір стансаларын жаңғыртып, зиянды қалдықтарды азайту және тиімділікті арттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар энергия нысандарын уақытылы іске қосу міндеті қойылды.

Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын жаңғыртуға ерекше назар аударылып, жобаларды кешіктірмеу тапсырылды. Бақылау жұмыстары Роман Склярға жүктелді.

Үкімет Энергетика және Экология министрліктеріне «таза көмір» технологияларын енгізу бойынша жол картасын әзірлеуді, ал көмір стансаларында заманауи тазарту жүйелерін кезең-кезеңмен енгізуді тапсырды.

Сондай-ақ көмір химиясын дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім өндіру және жобаларды қаржыландыру тетіктерін әзірлеу міндеті қойылды.

Қорытындысында көмір өндіру тиімділігін арттыру, цифрлық технологияларды енгізу және жұмыс қауіпсіздігін күшейту бойынша нақты шаралар қабылданатын болды.