Ауыл шаруашылығы санағының қысқаша тарихы
Кеңестік тұстағы алғашқы жалпы халық санағы 1920 жылғы 28 тамызда өткізілді. Жалпы халық санағы мен қатар, 1920 жылдың қыркүйек–қазан айларында Қазан төңкерісінен кейін ауылшаруашылығында орын алған өзгерістер туралы қосымша деректер алу мақсатында ауылшаруашылығы санағы жүргізілді. Алайда объективті және субъективті себептергебайланысты бұл санақ ел аумағын толық қамтымай, тиісінше толық мәліметтер бере алмады.
Санақ негізінен екібөлімді қамтыды:
Санақ аясында крестьян шаруашылықтарының бюджеттік зерттеулері, астық қорын есептеу, мал басының жасерекшелігіне қарай санын анықтау, ауылшаруашылығының күнделікті өзгерістерін зерделеу (астық өнімділігі мен жалпы жиналымының жай-күйі), халықтың астықпен қамтылуын есепке алу, жұмысшылар мен қызметкерлердің саны мен жалақысы, негізгі сауда орындарындағы бағаны қадағалау, ауыл және қалахалқының тамақтану жағдайын зерттеу, 1924 жылғы Бүкіл ресейлік жер зерттеуін әзірлеу және жүргізу, халықтың табиғи және механикалық қозғалысы бойынша деректерді өңдеу, Қазақстан карталарын және оның жекелеген өңірлерінің диаграммалары мен картограммаларын жасаусынды жұмыстар атқарылды.
Қазақстанның статистикалық органдары орталықтан берілген барлық статистикалық жұмыстарды ағымдағы да, зерттеу-талдаусипатындағы да толық көлемде орындады. Олардың қызметінде көшпелі халықты отырықшыландыру мәселесін шешу үшін қажет жер және ауылшаруашылығына қатысты статистикалық зерттеулер бастыорынға шықты. Бұл жұмыстар көбінесе нысанды тікелей зерттейтін экспедициялық әдіспен жүргізілді.
Қазақ АССР-інің Статистика басқармасына есепке алу мен статистикаға жалпы басшылық жасау, мемлекеттік деңгейдегі статистикалық жұмыстарды ұйымдастыру, статистикалық зерттеулердің жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту, демографиялық және моральдық статистика, денсаулық сақтау және санитария, еңбек, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы, тұтыну мен тарату салаларындағы статистика, жылсайынғы жинақтар мен басқа да мерзімді басылымдар, шолу мен жинақтарды шығару міндеттері жүктелді. Жергілікті статистика органдары губерниялық және уездік статистикалық бюролардан және жергіліктіерікті статистикалық тілшілерден тұрды.
Алғашқы картографиялау жұмыстары 1926 жылғы жазда өткізілген ауылшаруашылығы санағы барысында жүргізілді.
Казақстанда бірінші ұлттық ауылшаруашылық сағаы 2006-2007 жылдары өткізілді. Сол кезде 2,5 мың ауылдық, кенттік округтері қамтылып, 7,5 мың елді мекенде жүргізілді. 9 мыңнан астам заңды тұлғалар, 194 мың шаруа (фермер) қожалықтары және 2,2 млн үй шаруа қожалықтарында, 560 мың саяжайларда санақ жүргізілді.
2025 жылғы Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2023 жылғы 20 маусымдағы №3 бұйрығына сәйкес, ауылшаруашылығы санағы – бұл ауылшаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы деректерді жинау, өңдеу, талдау және ресми статистикалық ақпаратты тарату үдерісін қамтитын статистикалық бақылау. Ауылшаруашылығы санағы кемінде он жылда біррет өткізіледі.
2023 жылғы 26 сәуірдегі Мемлекет басшысының тапсырмасы мен 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1248 Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында Ұлттық ауылшаруашылығы санағын 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өткізу туралы шешім қабылданды.
Санақ нәтижесінде аграрлық сектордың нақты жағдайы туралы жан-жақты әрі объективті мәліметтер алынып, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер және олардың әлеуеті жөнінде толық ақпарат, сондай-ақ әрбір санаттағы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастырудағы рөлі туралы деректер анықталады.
Санақтың мақсаты мен міндеттері:
Санақ өткізу тәртібі:
Санақ субъектілері:
Санақ объектілері:
Санаққа 5 мыңнан астам санақ персоналы – нұсқаушы және интервьюерлер тартылады.
2024 жылғы пилоттық ауылшаруашылығы санағы
Өткен жылы ауылшаруашылығы санағының пилоттық жобасы аясында жекелеген елді мекендерде санақ жүргізіліп, мүмкін болатын кедергілер мен мәселелерді алдын ала анықтау арқылы олардың шешу жолдары пысықталды.
Пилоттық санақ 2024 жылғы 20 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіліп, 54 елдімекенді қамтыды. Оған 32,4 мың үйшаруашылығы қатысып, олардың 27,1 мыңы (яғни 83,5%) санақтан өтті. Онлайн сауалнамаға 18,6 мың респондент қатысты, оның ішінде 13,3 мыңы ұйымдастырылған шаруашылықтар, 5,3 мыңы жеке үйшаруашылықтары болды. Жалпы алғанда, пилоттық жобаға 45,7 мың респондент қатысты.
Үйшаруашылықтарының шамамен 2%-ы санаққа қатысудан бас тартты. Ал сұралмаған объектілердің 36%-ы иесіз немесе пайдаланылмайтын саяжайлар, ал 5%-ы – тұрғынемес ғимараттар болды.
Пилот аясында Ауылшаруашылығы министрлігінің малдарды сәйкестендіру және ауылшаруашылығы техникасын тіркеу жөніндегі ақпараттық жүйелерінен әкімшілік деректер интеграцияланды, ауылшаруашылығы құрылымдарына SMS-хабарламалар жолданды.
Пилоттық ауылшаруашылығы санағының оң нәтижелері ретінде акиматтардың белсенді қатысуын, ауылшаруашылығы өндірушілерінің жоғары дайындық деңгейін және халықтың онлайн-сауалнамаға кеңінен қатысуын атап өтуге болады. Сонымен бірге, қалалық және саяжай аймақтарында сауалнама жүргізу қиындықтары, интервьюерлердің қажетті құрал-жабдықтармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және жалған ақпараттың таралуы сияқты мәселелер анықталды.
Аудан тұрғындары Сіздерді алдағы болатын ауылшаруашылық санағына түсіністік танытып, белсенді қатысуға шақырамыз!