АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2024 жыл қорытындысы бойынша «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы

Қараой ауылы                                                             2025 жылғы 22 желтоқсан

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Ішкі талдау жүргізуге негіз: Қараой ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 688 «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылғы 10–31 желтоқсан аралығы.
Ішкі талдау 2024 жылғы қызмет кезеңін қамтиды.

Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  1. мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  3. мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес әкім аппаратының миссиясы – ауыл аумағында мемлекеттік саясатты іске асыру, жергілікті маңызы бар мәселелерді өз құзыреті шегінде шешу, сондай-ақ тиісті аумақта әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына сәйкес төмендегі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді.

ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

  1. Ауыл әкімі аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексі.

Сонымен қатар, «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ өз қызметінде:

  • ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларын;
  • елді мекен көшелерін жарықтандыру;
  • көше желілеріне қызмет көрсету;
  • округ аумағын санитарлық тазалау;
  • бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін округті абаттандыру жөніндегі құжаттарды басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алулардың рәсімі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта өткізілуіне байланысты ашық әрі барлық әлеуетті өнім берушілер үшін қолжетімді болып табылады. Бұл өз кезегінде тапсырыс берушілер мен өнім берушілер арасындағы келісім тәуекелдерін азайтып, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді.

ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӨКІМДІК ҚЫЗМЕТТЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

  1. Кадрларды басқару бағыты бойынша

2.1 2025 жылғы 22 желтоқсандағы штаттық кестеге сәйкес
«Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің жалпы штат саны 9 адамды құрайды, оның ішінде: әкім – 1 бірлік, әкімнің орынбасары – 1 бірлік, бас мамандар – 6 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік.

Талдау жүргізілген кезеңде әкім аппараты қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе мемлекеттік қызмет беделін түсіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тарту фактілері анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, функционалдық міндеттердің қайталану фактілері жоқ.

Қызметкерлерді лауазымынан төмендету фактілері тіркелмеген.

Демалыстарды беру бекітілген кестеге сәйкес және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы мен Еңбек кодексіне қатаң сәйкес жүзеге асырылады.

2.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметкерлерін сыйақылау, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларға үстемақылар белгілеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді сыйақылау шарттары регламенттелген.

Талдау барысында 2025 жылы мемлекеттік қызметшілерге келесі мерекелерге орай сыйақылар төленгені анықталды:
8 наурыз (әйелдерге), 22 наурыз (ерлерге), 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне, сондай-ақ 16 желтоқсан.

2.3 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметтік өкілеттіктерін жеке немесе өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға жол бермеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Талдау нәтижесінде «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де аталған Заң талаптарының бұзылмағаны анықталды.

Сонымен қатар, жер қатынастары саласында мемлекеттік сатып алуларды жүргізу және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ жылына кемінде екі рет мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылады.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. «Мемлекеттік меншікке жататын, сауда-саттық (аукцион) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды беру»;
  2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту»;
  3. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»;
  4. «Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқықтарды беру».

Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін әкім тікелей бақылайды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ай сайын ішкі мониторинг жүргізіледі.

  • «Жер учаскелеріне құқықтарды беру» қызметі бойынша 94 өтінішке өкім шығарылды;
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» қызметі бойынша 4 өтініш қаралды;
    көрсету нысаны – электрондық;
  • «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» қызметі бойынша 163 өтінішке өкім шығарылды;
    көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Әкім аппаратының ғимаратында ақпараттық стенд орнатылған.

  1. Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері анықталған жоқ.

Ұсыныс: мемлекеттік қызметтер стандарттарының талаптарын қатаң сақтау және аппарат қызметкерлері арасында семинар өткізу.

  1. Рұқсат беру функцияларын іске асыруға байланысты

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Талдау нәтижесінде кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушылармен тікелей байланыс тәуекелі бар екені анықталды, атап айтқанда «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» және «Жеке меншікке құқық беру» қызметтері тікелей қызмет көрсетуші арқылы жүзеге асырылатындықтан, сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғарылайды.

  1. Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау

«Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары сақталады. Талдау жүргізу барысында аталған талаптарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

  1. Өзге мәселелер

2024 жылы «Іле ауданының Қараой ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі талдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.

Азаматтардың шағымдарына арналған жәшік округ әкімдігінің ғимаратында көрнекі жерде орналасқан, апта сайын комиссия мүшелерімен тексеріліп, акт жасалады. Осы уақытқа дейін шағымдар түскен жоқ. Округте сенім телефоны жұмыс істейді: 48-3-30.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері мен тәртібі сақталған, құжаттардың орындалу мерзімдерін бұзу фактілері тіркелмеген. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы шағымдар түспеген.

ҰСЫНЫСТАР:

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» және «Жеке меншікке құқық беру» мемлекеттік қызметтерін электрондық форматқа көшіру.
  2. Жер қатынастары саласында мемлекеттік сатып алуларды және мемлекеттік қызметтер көрсетуді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру.
  3. Мемлекеттік қызметшілер арасында жылына кемінде екі рет Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  4. Жұмыс тобына осы анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсыныстардың орындалуына мониторинг жүргізу.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

                

1.

Темирбекова Венера Марсатовна

 

«Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының» бас маманы

 

2.

Абдіғаппар Әст Ғаниқызы

 

«Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының» бас маманы

 

3.

Бақтыбаев Кеңес

 

«Қараой ауылдық округі әкімі аппаратының» жетекші маманы

 

4.

Таджиева Секер Шамырханкызы

 

«Әйелдер кеңесінің төрайымы», зейнеткер