Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

Өрт қауіпсіздігі – әркімнің жауапкершілігі

Құрметті тұрғындар!

Суық маусымның басталуымен тұрғын үйлерде өрт шығу қаупі артады. Өрттердің негізгі себептері — электр жылытқыштарды, пештерді пайдалану кезінде және электр сымдарының ақаулығы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы.

Сақтық шараларын еске саламыз:

- Электр жылытқыштар мен тұрмыстық техниканы қараусыз қалдырмаңыз.
- Тек жарамды құралдарды қолданыңыз және пайдалану нұсқаулығын сақтаңыз.
- Электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз — бірнеше қуатты құрылғыны бір розеткаға қоспаңыз.
- Жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс ұстаңыз.
- Үйіңізге түтінге сезімтал дабылқаққыш (дымовый извещатель) орнатыңыз — бұл өміріңізді сақтап қалуы мүмкін.
- Балаларға отпен абай болу ережелерін түсіндіріп, оларды жалғыз қалдырмаңыз.

Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Қарапайым ережелерді сақтау арқылы үлкен апаттың алдын алуға болады.