
Өрт – бұл қауіпті!
Тұрғын үйдегі өрт – үлкен апат! Өрт кезінде жиһаз, киім-кешек және басқа да мүліктер жойылады. Соңғы уақытта өрт салдарынан адамдардың өздері де жиі зардап шегуде. Тұрғын үйлердегі өрттің ең көп таралған себебі – электр сымдары мен электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.
Есіңізде болсын, апаттың алдын алу үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет:
Барлық жылыту құрылғыларын жанбайтын тұғырларға орнатып, жиһаздан, пердеден және басқа да жанғыш заттардан кемінде 0,5 метр қашықтықта орналастырыңыз. Шамдарға қуаты тым жоғары шамдарды қолдануға болмайды. Ішкі жарық желісін қорғау үшін зауыттық сақтандырғыштарды пайдаланыңыз. Ақаулы электр құралдарын қолданбаңыз, сымдардың және жалғау сымдарының оқшаулауының дұрыстығын үнемі тексеріп отырыңыз.
Электр құралдарын пайдаланғанда мұқият және абай болыңыз, оларды балаларға сеніп тапсырмаңыз!
Осыны есте сақтасаңыз, үйіңізді үлкен апаттан сақтай аласыз!