ОБЪЯВЛЕНИЕ О переносе и проведении общественных слушаний по строительству биогазовой электростанции

ОБЪЯВЛЕНИЕ О переносе и проведении общественных слушаний по строительству биогазовой электростанции

ХАБАРЛАМА
Биогаз электр станциясын салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың кейінге шегерілуі және өткізілуі туралы

Құрметті Қараой ауылдық округінің тұрғындары!

Қараой ауылының тұрғындары мен бастамашыл топтың өтінішіне байланысты, ТОО «ZOR Biogas» бастамашылық еткен биогаз электр станциясын салу жобасы бойынша 2025 жылғы 10 қарашаға жоспарланған қоғамдық тыңдаулар кейінге шегеріледі.

Қоғамдық тыңдаулардың жаңа өткізу күні — 2025 жылғы 14 қараша (жұма), сағат 17:00-де
Өтетін орны — Қараой ауылының Мәдениет үйі

Жоба ауыл шаруашылығының органикалық қалдықтарын (көң, құс саңғырығы, өсімдік қалдықтары) қайта өңдеу арқылы экологиялық таза электр энергиясы мен органикалық тыңайтқыш өндіретін кәсіпорын салуды көздейді.

Қараой округінің тұрғындарын, кәсіпкерлерді және барлық мүдделі тараптарды тыңдауға қатысуға шақырамыз.

Құрметпен,
Қараой ауылдық округі әкімінің аппараты