Алдағы 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық аясында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсановтың, сондай-ақ еншілес және тәуелді кәсіпорындардың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Бүгінгі күні газ тарату жүйелерінің жалпы дайындығы 52%-ды құрайды. Газ реттеу пункттерінің ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, жоспарланған көлемнің 46%-ы орындалды. Шкафтық және блоктық реттеу пункттерінің ағымдағы жөндеуі 47%-ға орындалды. Ажырату құрылғыларын техникалық қызмет көрсету деңгейі – 58%, электрохимиялық қорғау құралдарының ағымдағы жөндеуі – 56%. Газ құбырларын аспаптық тексеру жұмыстары 42%-ға орындалды.
72,2 мың шақырым газ тарату желілері мен құрылыстардың үздіксіз әрі қауіпсіз пайдаланылуын өндірістік персоналдың 4 064 қызметкері қамтамасыз етеді. Барлық жұмысшылар арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен толық жабдықталған.
Сонымен қатар, магистральдық газ құбырларының желілік бөлігінде 367 ақауды жоюмен күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған, оның ішінде 284 ақау «Орта Азия – Орталық» МГ бойынша ресейлік газды Өзбекстан Республикасына жеткізу жобасын іске асыру шеңберіндегі жөндеу жұмыстарын есептемегенде жойылды. Бұдан бөлек, жұмыс жоспарына күрделі және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ нысандарды жаңғырту кіреді. Атап айтқанда:
•«Бұхара – Орал» МГ-де КС-12-де екі НК-12СТ қозғалтқышына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған;
•«БГР – ТБА» МГ-де «Полторацкое» және «Ақыртөбе» компрессорлық станцияларының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
•«Одақ», «Орынбор – Новопсков» және «Қарталы – Рудный» МГ-де ақаулы құбырларды ауыстыру жоспарлануда.
Жыл сайынғы жылыту маусымына дайындық іс-шараларынан бөлек, 2025 жылы апаттылықты азайту, төтенше жағдайлардың, көмірқышқыл газымен улану оқиғаларының алдын алу және газ қысымының әлсіз болуының себептерін жою бойынша жоспарды іске асыруға қосымша қаражат бөлінді. Бұл шаралар жүйенің сенімділігін арттыруға және күзгі-қысқы кезеңнен жайлы өтуге бағытталған.