«Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылда көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін талқылау

«Өтеген батыр ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылда  көрсетілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін талқылау

2024 жылы «Өтеген батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де келесі көлемде мемлекеттік қызметтер көрсетілді: «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» бойынша-38 мемлекеттік қызмет, «Жалға алған жер телімінің мерзімін ұзарту» бойынша -13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.  

2024 жылы тіркелген өтініштердің саны: жеке тұлғалардан – 578, заңды тұлғалардан – 32; кіріс қызметтік хат – хабарлар – 1538, шығыс- қызметтік хат –хабарлар -1545. Мемлекеттік мекеме тарапынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.

Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі ілінген хабарландыру тақтасы бар.

Тиімділік бағасының критерийлерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.