Назар аударыңыз: интернет-алаяқтық түрі!
Сізге белгісіз нөмірден қоңырау түсуі мүмкін. Арғы жақтағы жағымды дауыс өзін «Қазпошта», интернет-дүкен, ұялы байланыс операторы немесе клиенттермен телефон арқылы жұмыс істейтін басқа ұйым қызметкері ретінде таныстырады.
Егер сіз әңгімені үзбесеңіз, алаяқтар сізге ойдан шығарылған жағдай туралы хабарлайды: келген сәлемдеме, күшін жойған нөмір, қарыз және т.б. Кейіннен олар сізге SMS-код жіберіп, оны айтып беруді сұрайды. Мұны ешқашан жасамаңыз!
Бұл код – сіздің мессенджерлеріңізге (WhatsApp, Telegram), eGov жеке кабинетіңізге және жеке деректеріңіз сақталған басқа да қызметтерге кірудің кілті.. Алаяқтар оны пайдаланып, сіздің атыңызға несие мен микроқарыз рәсімдеуі мүмкін.
Одан кейін алаяқтар "банк" атынан қайта қоңырау шалып, рұқсат етілмеген аударымдар немесе шотыңызға жасалған шабуылдар туралы хабарлауы мүмкін.
Есте сақтаңыз!
Барлық ресми ұйымдарда SMS-кодтар тек сіздің сұранысыңыз бойынша келеді және тек кеңсеге жеке барғанда немесе қосымшаны қолданғанда пайдаланылады!
Мұндай қылмыскерлерді анықтау және жазалау өте қиын. Сондықтан өзіңізді қорғаудың ең жақсы жолы – қоңырауды бірден өшіру. Егер сізді күдікті қоңырау мазаласа, сізге хабарласқан ұйымның ресми филиалымен байланысыңыз.
Деректеріңіз бен қаржыңызды қорғаңыз!