Бір порция кальян 20 темекіге тең! Орташа алғанда, қор-қор сессиясы 15 минуттан 90 минутқа дейін созылады. Бір рет дем алғанда, шегуші 2-12 темекіге тең никотин көлемін жұтады, ал бір сессияда ағзаға бір қорап темекіні шегумен тең мөлшерде никотин түседі.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, кальянның бірнеше рет тартылуы жүрек соғысын жылдамдатып, қан қысымын көтеріп, қан тамырларын қатайтады. Кальян Қор-қор шегудің жарты сағатынан кейін жүрек соғысы минутына 16 ретке жиілейді.
Кальяннан шыққан улы газбен улану белгілері көбінесе оның босаңсыту әсерімен шатастырылуы мүмкін: дәл осы интоксикация бұлшықеттерді босаңсытады және ұйқышылдықты тудырады.
Қор-қор түтінінде көмірқышқыл газы, шайыр, хром, кобальт және никель бар, олар ағзаны жалпы интоксикацияға ұшыратады. Бұл зиянды қосылыстардың бәрін бауыр сүзуге мәжбүр болады. Сондықтан кальянды жүйелі түрде шегу – гепатоциттердің (бауыр жасушаларының) бұзылуының басты себебі.
Кальян шегу кезінде оның үстіндегі көмірлер темекімен бірге жанады, ал шегушінің өкпесіне ауыр металдар мен көміртек тотығы түседі. Олар ағзада жиналып, қатерлі ісіктің пайда болуына әкелуі мүмкін!
Көміртек тотығының түзілуі темекінің темекі секілді жанбай, жәй ғана тлеуінен болады. Бұл газды жұту – улануға апаратын жол!
Кейбіреулерге ұзын түтік арқылы өтетін түтіннің жол бойы тазаратыны сияқты көрінуі мүмкін. Немесе жалбыз, алма және басқа да хош иісті қоспалар никотиннің зиянын азайтады деп ойлауы мүмкін. Бұл өте қауіпті жаңсақ пікір!
Теориялық тұрғыда қоспа құрамында кез келген нәрсе, тіпті тұрмыстық қоқыс та болуы мүмкін.
Түтіндейтін көмірдің температурасы шамамен 400 °C. Салқын немесе тіпті мұздай су пайдасыз. Оның үстіне, темекі түтініндегі көптеген компоненттер суда ерімейді, яғни олар түтік арқылы өкпеге тікелей жетеді. Өндірушілер қоспаларды қанша тазартуға тырысса да, темекіден никотинді толықтай алып тастау мүмкін емес. Тек оның күшін азайтуға болады. Ал ауыр шайырлар мен формальдегид тіпті никотинсіз қор-қордың өзінде де сақталады.
Қор-қор шегу кезінде көп мөлшерде сілекей бөлінеді, оның едәуір бөлігі еріксіз қор-қордың сұйық сүзгісіне түседі. Содан кейін сол түтінмен бірге бұл сілекей әрбір шегушіге өтеді. Мұндай шегудің тағы бір зияны – сілекей арқылы мундштукта герпес, В гепатиті және басқа да аурулар берілуі мүмкін.
Түтін толған бөлмеде болған темекі шекпейтін адамның денсаулығына қауіп төнеді, бұл жағдай кальян шегушілер қоғамында да солай. Сондықтан сізбен бірге қор-қор шекпейтін адамдар да барлық зиянды заттарды (азот, көміртек тотығы) және никотинді өкпесіне жұтады.
Қор-қор шегушілер арасында ұзақ уақыт болған адам өзін де үлкен қауіпке душар етеді! Қауіп тек түтік түтінінен ғана емес, темекі жануының өнімдерін, соның ішінде көміртек пен азот тотығын жұту арқылы да артады.
Қорыта айтқанда, «шылым шегу – денсаулыққа зиян» деген сөз тек темекіге ғана емес, қор-қорға да қатысты.