
Наурызнаманың онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Өтеген батыр ауылдық округінде тағылымы мол, ізгілікке толы шара ұйымдастырылды. Аталған күні әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында азық-түлік себеттері табысталды.
Атап айтқанда, жалғызбасты анаға және ерекше күтімді қажет ететін қызы бар тұрғынға қажетті азық-түлік өнімдері жеткізіліп, жан-жақты көмек көрсетілді. Бұл – қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділіктің жарқын көрінісі.
Игі шараның басты мақсаты – мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық пен адамгершілік құндылықтарын кеңінен насихаттау. Осындай бастамалар арқылы қоғамда бірлік пен жанашырлық арта түсетіні сөзсіз.