2024 жылы Байкент а/о әкімінің аппаратына Е-Лицензия базасында тіркелген өтініштердің саны барлығы - 92 өтініш, оның ішінде:
- өтініш берушілер кері қайтарып алды - 10,
- бас тартылды - 24 өтініш берушіге (жер комиссиясының қарауына жіберілуіне байланысты дәлелді бас тартулар), оның ішінде 2024 жылы жер комиссиясының қорытындысына негізделген 4 бас тарту.
Сондай – ақ, 2024 жылғы желтоқсанда келіп түскен өтініштерге - "Іле ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ және жер комиссиясының қорытындыларына негізделген 06.01.2025 жылғы бас тарту туралы 3 өкім шығарылды.
Сондай-ақ, ауылдық округ әкімінің аппаратына 50 (қолма-қол) жер учаскесін жалға алуды ұзартуға өтініш берілді, оларға уақытша жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өкімдер шығарылды.
2024 жылы Байкент а / о бойынша барлығы:
- жер учаскелеріне жеке меншік құқығы берілді -67,
- уақытша жер пайдалану құқығы ұзартылды -50,
- жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге өкімдер берілді -3
«Е-өтініш» базасы бойынша 147 өтініш қабылданып қаралды, оның ішінде 141 жеке тұлға, 6 заңды тұлғалар.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін және басқа қажетті анықтамаларды алуға қызмет көрсетілді.
2024 жылы АӘК алу үшін 184 отбасы өтінім берді, солардың ішінде АӘК 94 отбасыға тағайындалды.