
Ауыл тұрғындары ұлттық киім киіп, салт-дәстүрлерімізді жаңғыртып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылып, ән мен күй шырқалды. Балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, көпшілік бір-біріне ақжарма тілектерін білдірді.
Наурыз — бірлік пен жаңарудың, мейірім мен жақсылықтың мерекесі. Осындай игі шаралар ауылымыздың берекесін арттыра берсін!