
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Боралдай кентінде соғыс ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында ауданаралық шағын футбол турнирі ұйымдастырылды. Іс-шараны Боралдай кенті әкімінің аппараты мен Ардагерлер кеңесі бірлесе өткізді.
Турнирге Боралдай кенті, Байкент, Ақсай, Ащыбұлақ ауылдарының және Алматы қаласынан келген «Желтоқсан ардагерлері» командалары қатысты. Жарыстың салтанатты ашылуында Боралдай кентінің әкімі Данияр Қоңырбаев қатысушыларды құттықтап, ардагерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде:
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар (1-орын – 50 000 тг, 2-орын – 40 000 тг, 3-орын – 30 000 тг), медальдар, кубоктар, мадақтамалар және арнайы сыйлықтар табысталды.
Турнир барысында Ақсай ауылының командасы өз медальдарын «Желтоқсан ардагерлері» командасына тарту етіп, ал боролдайлық жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтарын ардагерлермен бөлісті. Бұл – жас ұрпақтың ардагерлерге деген құрметінің айқын көрінісі болды.
Шара соңында барлық қатысушылар мен қонақтарға арнап дастархан жайылып, спортшылар мен ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Мұндай игі бастамалар – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің және тұрғындар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңызды құралы болып табылады.