«Іле ауданы Боралдай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есептің жария талқылауы өтті

«Іле ауданы Боралдай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есептің жария талқылауы өтті

2024 жылы «Іле ауданы Боралдай кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңына сәйкес тұрғындарға 4 бағыт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Аталған есептік кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 264. Оның ішінде:

  • Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қызметі бойынша – 109 қызмет көрсетілді;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар беру бойынша – 126 қызмет ұсынылды;
  • Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту қызметі бойынша – 29 өтініш қанағаттандырылды;
  • Ал республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу бойынша қызметтер 2024 жылы көрсетілмеген.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесін ұйымдастыру шаралары

2024 жылға арналған бекітілген медиа жоспарға сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін тиімді ұйымдастыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:

  • Қызмет көрсету және деректерді жинау бойынша жауапты мамандар нақты айқындалды;
  • Қажетті нормативтік құқықтық құжаттар қабылданды;
  • Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы мәліметтер ақпараттық стендке орналастырылды (мекеме ғимаратында).

Мақсат – сапалы әрі уақтылы қызмет көрсету

Боралдай кенті әкімі аппараты көрсететін мемлекеттік қызметтердің басты мақсаты – қызмет алушыларға тиімді, сапалы және уақтылы қызмет көрсету. Осы орайда, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, ашықтықты қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерге деген сенімді арттыру басты назарда.

Мекеме алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бағытында жұмыстарды жалғастырады және тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне әрдайым ашық.