ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС!

ЕСІРТКІМЕН КҮРЕС!

Кейінгі уақытта балаларды есірткі бизнесіне тарту жағдайлары көбейіп келеді, есірткі таратушылардың арасында жасөспірімдер жиі кездесуде. Әрбір бесінші жоғары сынып оқушысы өмірінде синтетикалық есірткіні кем дегенде бір рет қолданып көрген. Ең шошынарлығы, нашақорлар арасында қыз балалардың да саны аз емес. Олар кейде өз денесін мефедрон, немесе "меф" деп аталатын есірткіге айырбастауға дайын.

         Бүгінгі күні героинді синтетикалық есірткілер алмастырды, ал олардың салдары өте қауіпті және алдын ала болжап болмайды. Дәрігерлер синтетикалық есірткіні қолдану ақыл-есі кемдікке, жүрек талмасына, инсультке әкеледі деп есептейді, сонымен қатар нашақордың есірткі әсерінен терезеден секіріп кету немесе мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатына түсу секілді қайғылы жағдайларға әкелетінін де жоққа шығармайды.

         30 жастан асқан адамдар болса, қазір 20 жастағылар, тіпті 14-15 жастағы нашақорлар көбейді. Әсіресе мефедронға тәуелді болатындар арасында ауқатты отбасылардың балалары жиі кездеседі, олардың арасында қыз балалардың саны өте көп. нашақорлардың орташа жасы қазір айтарлықтай төмендеді. Бұрын бұл " өте көп болған. Олар тіпті: «менің денем – сенің мефің» деп, есірткіге айырбас жасайды. Бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы жүктілікке, жезөкшелікке, ВИЧ жұқтыруына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді. Ата-аналар көбінесе нашақордың бейнесін жартылай өлі, тамырында ине тұрған адам деп елестетеді. Бірақ қазіргі кезде адам нашақор екенін сырттай білу қиын, ол қалыпты өмір сүріп жүргендей көрінуі мүмкін, алайда бұл уақытша ғана.

         Алғашқы белгілеріне назар аударыңыз: адам өзінің бұрынғы қызығушылықтарын жоғалтады, агрессия көрсетеді, үнемі ақша сұрайды, ұйқысы бұзылады. Мефедрон қолданған кезде олар бес күні бойы ұйықтамай, тамақтанбай жүруі мүмкін, бұл "марафон" деп аталады. Физикалық белгілері: терлеу, арықтау, көз қарашықтарының кеңеюі. Егер балаңыздың есірткі қолданатынын білсеңіз, оны жазалап, қыспаққа алудың қажеті жоқ, әйтпесе оны мүлде жоғалтып алуыңыз мүмкін. Оны мен ашық сөйлесіп, бұл жағдай орын алғанын мойындап, бірге күресейік деп айту керек. Жасөспірімдер өз бетімен бас тарта аламыз деп ойлайды, бірақ бұл мүмкін емес. Тәуелділік үшінші рет қолданғаннан кейін қалыптасады, бесінші реет қабылдағаннан кейін бала нашақорға айналады.

         Мұндай жағдайдың орын алуына не себеп? Бұған ішінара есірткіні романтизациялау да әсер етеді. Басында бір жас жігіттің оқуына төлеуге ақшасы жоқ болды, бірақ кейін есірткі арқылы өміріне қажетті ақша, қыздар, көлікке қол жеькізді және ол ата-анасына көмектесе бастады. Есірткі таратушы – жеңіл ақша табуды көздеген адам, бар болғаны осы. Айфон сатып алғысы келді, анасына ақша бергісі келді, тағы сол сияқты. Көбіне оқиға орнына барғанда, бала екенін көріп шошисың!

         Жастар өздері не тарататынын түсінеді, бірақ оның салдарын толық түсінбейді. Оларға қиын жағдайда анасы немесе әкесі құтқарады деп ойлайды. Бірақ құтқара алмайды. Сондықтан біздің жоба аясында біз мектептер де дәрістер өткіземіз, осы айда бір жарым мыңнан астам адамды қамтыдық: бұл ұстаздар мен ата-аналар».