
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауданымызда сенбіліктер жалғасуда.
Іс-шараларға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен белсенді тұрғындар қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуда.
Ортақ күш-жігердің арқасында қоршаған ортаға жанашырлық мәдениеті қалыптасып, экологиялық жауапкершілік артып, тазалықты сақтау дәстүрі нығая түсуде.
Барша тұрғындарды «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып, ауданымызды бірге таза, көрікті әрі жайлы етуге шақырамыз!