Әли ауылына алғаш рет табиғи газ берілді

Әли ауылына алғаш рет табиғи газ берілді

26 маусым күні Іле ауданына қарасты Әли ауылында табиғи газ желісінің салтанатты іске қосылу рәсімі өтті. Елді мекен тарихында тұңғыш рет ауыл тұрғындарының үйлеріне табиғи газ жеткізілді.

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі, Байсерке ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ «Спецстройбренд» ЖШС мен «QazaqGaz Aimaq» АҚ басшылығы және өкілдері қатысты. Жергілікті дәстүрге сай рәміздік газ алауын жағу құрметі ауылдық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Серік Беделбаевқа берілді.

Ауылды газдандыру – өңірді дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Бұл жоба тұрғындарды заманауи әрі қауіпсіз жылу және энергия көзімен қамтамасыз етіп, ауыл халқының тұрмыс сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі Әли ауылының барлық тұрғындарын осы көптен күткен әрі айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтайды!