
Байсерке округінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Округ тұрғындары Ұлы Отан соғысы батырлары мен ардагерлерін еске алып, олардың рухына тағзым етті. ҰОС ескерткіші жанында гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Сонымен қатар округ тұрғындары мен қонақтарына арнап патриоттық әндер шырқалған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Батырлардың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады!